2016 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен ауыстырып құюдың шоғырландырылған көлемі 56 млн 575 мың тоннаны құрады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі
Бұл жоспарлы межемен салыстырғанда 186 мың тоннаға жоғары және 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 4 млн 426 мың тоннаға төмен.
Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 43 млрд 130 млн тонна шақырымды құрады, бұл жоспарлы межеден 625 млн тонна шақырымға жоғары және 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 2 млрд 316 млн тонна шақырымға кем.
2016 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында Компанияның жеке магистральді мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау мен ауыстырып құюдың көлемі 43 млн 797 мың тоннаны құрады. Бұл жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 106 мың тоннаға артты, ал 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3 млн 743 мың тоннаға төмендеді.
2016 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша мұнайдың жүк айналымы 35 млрд 635 млн тонна шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш жоспардан 539 млн тонна шақырымға артып, 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 1 млрд. 231 млн тонна шақырымға төмендеп отыр.
2016 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына 14 млн. 386 мың тонна мұнай жеткізілді (бұл жоспарлы межеден 131 мың тоннаға жоғары және 2015 жылдың көрсеткішінен 8 мың тоннаға төмен).
АМӨЗ-ге 4 млн 666 мың тонна мұнай жеткізілді (жоспарлы межеден 13 мың тоннаға төмендеп, 2015 жылдың көрсеткішінен 101 мың тоннаға азайса, ПКОП-қа – 4 млн 497 мың тонна жеткізілді (жоспарлы межеден 52 мың тоннаға артқан және 2015 жылға қарағанда 48 мың тоннаға жоғарлаған). ПМХЗ-ға – 4 млн 599 мың тонна жеткізілді (жоспарлы межеден 86 мың тоннаға артқан және 2015 жылға қарағанда 206 мың тоннаға азайды).
Битум зауытына 624 мың тонна мұнай жеткізілді, бұл жоспарлы межеден 5 мың тоннаға және 2015 жылмен салыстырғанда 251 мың тоннаға жоғары.
"Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі арқылы 15 млн 024 мың тонна мұнай тасымалданды (бұл жоспарлы межеден 224 мын тоннаға жоғары, ал 2015 жылға қарағанда 678 мың тоннаға төмен).
"Атасу – Алашаңқай" мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 10 млн 068 мың тоннаны құрады (бұл жоспарлы межеден 68 мың тонна жоғары, ал 2015 жылдың ұқсас мерзімдегі көрсеткіштен 1 млн 726 мың тоннаға аз).
Ақтау кемежайындағы танкерлерге "ҚазТрансОйл" АҚ қуаттарын пайдалана отыра мұнайды ауыстырып құю көлемі 2 млн 196 мың тоннаны құрады (бұл жоспарлы межеден 5 мың тоннаға артық, ал 2015 жылдың көрсеткішінен 685 мың тоннаға азайып отыр).
КҚК-Қ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды ауыстырып құю көлемі 3 млн 023 мың тоннаны құрады (бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңінен 244 мың тоннаға артық болса, жоспарлы межеден 251 мың тоннаға төмен).
Тұймазы-Омск-Новосибирск-2 (ТОН-2) мұнай құбыры арқылы тасымалданған мұнай көлемі 7 млн. 654 мың тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 685 мың тоннаға жоғары және жоспарлы межеден 51 мың тоннаға артық болып отыр.
Астрахань – Маңғыстау су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 25 млн 133 мың текше метр еділ суы жеткізілді (бұл жоспарлы межемен салыстырғанда 960 мың текше метрге арттық және 2015 жылға қарағанда 134 мың текше метрге жоғары).
"Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС мұнай құбырлары желісі арқылы мұнай тасымалдау көлемі 14 млн 089 мың тонна құрады (бұл жоспарлы межеден 250 мың тоннаға артық, ал 2015 жылмен салыстырғанда 1 млн 780 мың тоннаға төмен). Жүк айналымы 13 млрд 110 млн тоннаны шақырымды құрап отыр. Бұл жоспарлы межеден 187 млн тоннаға артса, ал өткен жылғы көрсеткішіне қарағанда 2 млрд. 554 млн тонн км-ге төмендеген.
"МұнайТас" СБКҚ АҚ мұнай құбыры арқылы 4 млн 620 мың тонна мұнай тасымалданды ( бұл жоспарлы межеден 42 мың тоннаға төмен, ал 2015 жылдың көрсеткішінен 876 мың тоннаға жоғары). Жүк айналымы 1 млрд 843 мың тонна км құрады ( бұл жоспарлы межеден 16 млн тонн км-ге төмен, ал 2015 жылдың көрсеткішінен 376 млн тоннаға км жоғары).
Batumi Terminals Limited (BTL) арқылы мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю көлемі 3 млн 377 тыс тоннаны құрады ( бұл жоспардан 23 тыс тоннаға төмен және 2015 жылға қарағанда 239 мың тоннаға төмен болып отыр).