2016 жылы 25 мыңнан астам атыраулық жұмыспен қамтылды

1004

2016 жылы 25 мыңнан астам атыраулық жұмыспен қамтылды

2016 жылы Атырау облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,5 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (1 мың адам) қатарындағы 25 мың 506 адам қамтылды. Бұл – өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 100%-ы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның ішінде жұмысқа орналасқандар:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2047 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 430;

- жастар тәжірибесіне – 896 адам;

- қоғамдық жұмыстарға – 5478 адам ;

- кәсіптік оқытуға 1547 адам жіберілсе, оның ішінде 216 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 8757 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасты;

- өздігімен 5972 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа 379 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу