Алюминий халықаралық институтының (International AluminiumInstitute - IAI) алдын ала берген мәліметі бойынша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша бастапқы алюминийдің әлемдік өндірісі 0,5%-ға артып, 58,167 млн тоннаға жеткен.
ҚХР-ғы 14,7%,яғни 3,44 млн тонаны есепке алмағанда Азияда айтарлықтай өсу болған. Сонымен бірге Африка, Оңтүстік Америка, Еуропа және Парсы шығанағы мемлекетінің ынтымақтастық кеңесіне кіретін елдерде де өндіріс артқан.
Ал өндіріс Солтүстік Америкада едәуір төмендеп,10%-ға, 4 млн тоннаға дейін құлдыраған.
Қытайдағы өндіріс еш өзгермеген, ол былтырғы жылы 31,64 млн тонна болған.
IAI мәліметі бойынша, әлемдегі алюминийді тәуліктік орташа өндірілуі бір жыл бұрынғы 158,6 мың тоннамен салыстырғанда 2016 жылы 158,9 мың тоннаға дейін артты.
Сонымен бірге желтоқсанда көрсеткіш тәулігіне 166,3 мың тоннаны құрады, ал жалпы әлем бойынша 5,154 млн тонна алюминий ( 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға өскен) шығарылған.