2016 жылы Баянауыл өңірінде 36 мың тонна сүт өндірілген

806

2016 жылы Баянауыл өңірінде 36 мың тонна сүт өндірілген

Былтырғы жылы Баянауыл өңіріндегі барлық қожалықтарда 11,8 мың тонна мал мен құстың еті, 36 мың тонна сүт және 2,6 миллион дана жұмыртқа өндірілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов халық алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді.

"Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 10 млрд 460 млн теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы соммасы 201 млн теңгеге мал сатып алынды. Соның ішінде, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша - 548 ірі қара мал, "Кұлан" бағдарласы бойынша - 394 жылқы және "Алтын асық" бағдарламасы бойынша - 737 қой. 2016 жылы "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында субсидиялау арқылы мал шаруашылығын асылдандыруға және өнім сапасын арттыруға облыс бюджетінен 212 шаруа қожалығына 346 млн теңге бөлініп игерілді", - деді аудан басшысы.

Айта кетейік, өткен жыл соңында Баянауыл ауданында ірі қара мал басы - 57100, қой-ешкі - 100 000, жылқы 24000 басты құраған. Астана, Павлодар қалалары, Баянауыл ауылы мен Майқайың кентінде ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 23 млн теңгенің өнімі өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу