2016 жылы елімізде 90 мың баспана салынды

522

2016 жылы елімізде 90 мың баспана салынды

Бүгін инвестиция және даму министрлігінің медиа-орталығында құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің қатысуымен комитеттің 2016 жылғы және 2017 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындысына арналған брифинг өтті, деп хабарлайды baq.kz.

Комитет төрағасы 2016 жылы тұрғын үй құрылысы және коммуналды шаруашылық істері саласындағы жұмыстың толыққанды ұйымдастырылғанын, құрылыс саласының өсім тенденциясының сақталып отырғанын және салаға бағытталған қаржының толық игерілгенін айтты.

Осы орайда ескерте кететін бір мәселе – тұрғын үйлерді пайдалану нұсқасы. Мысалы жоғарыда айтылған 25 мың пәтердің:

519,2 мың ш.м (8649 пәтер) – ЖАО кредиттік тұрғын үйлері;

150 мың ш.м (2687 пәтер) – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

194,3 мың ш.м (3491 пәтер) – "ҚИК" ИҰ" АҚ жалға берілетін тұрғын үйлері;

475,9 мың ш.м (8096 пәтер) – "Бәйтерек девелопмент" АҚ тұрғын үйлері;

147,4 мың ш.м (2335 пәтер) – Өңірлерді дамыту бағдарламасының бағыттары бойынша.

Брифинг барысында жеке тұрғын үй құрылысын қолдау және оны дамыту мақсатында облыс орталықтарында ұсынылған жаңа пилоттық жоба жайлы және берілетін әлеуметтік баспанаға қатысты мәселелер де айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу