2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

697

2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұны премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кезекті отырысында инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

"Бағдарлама шараларын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан 2016 жылы 183,2 млрд теңге бөлінген. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаржысы 100%, мемлекеттік бюджеттің 99,5%-ы игерілген", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 878 млрд теңгенің 130 жобасы енгізілген, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу