Облыс бойынша өткен жылы барлығы 134 млрд теңге кіріс кіріп, яғни салық жоспары 115,1 пайызға орындалған. Оның 33,8 миллиард теңгесі республикалық бюджетке кетті, қалғаны жергілікті бюджетті толықтырған, деп жазады egemen.kz.
Облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бастығы Айбек Паяев осы кірістің үштен бірі камералық бақылау есебінен, қылмыстық іс қозғалған салық және кедендік тексерулерден түскенін айтты. Сонымен қатар ол көлеңкелі экономиканың алдын кесу маңызды жұмыс екенін еске салды.
"Осы маңызды міндетті орындау барысында 373 қылмыстық іс қозғалды. 3 миллиард теңге шығынның 2 миллиард 830 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды. Міне, осы жұмыс бойынша облыс республикада алда келеді", – деді облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бастығы Айбек Паяев.