2016 жылы Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру көлемі 0,5%-ға төмендеген

1454

2016 жылы Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру көлемі 0,5%-ға төмендеген

Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру көлемі 2015  жылмен салыстырғанда 2016 жылы 0,5%-ға (11,2 мың тоннаға) төмендеген, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан.
"2016 жылдың қорытындысы бойынша кен орнында 2 млн 127,1 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш 2015  жылы 138,3 мың тоннаны құраған болатын.  Үстіміздегі жылдың қаңтарында компания 179,7 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Ал 2016  жылдың қаңтарында 180,9 мың тонна өндірілген", – деді басқарма мамандары.

Ұсынылған ақпарат бойынша, "Қаражанбасмұнай" АҚ 2017  жылы 2 млн 138 мың тонна мұнай өндіруді көздеп отыр.
2020 жылға дейін Қаражанбас кен орнынан мұнайгаз өндіру құқығы толықтай "Қаражанбасмұнай" АҚ-ға тиесілі.

Компанияның акционерлері қытайдың мемлекеттік инвестициялық "CITIC Group" компаниясы мен "ҚазМұнайГаз" БӨ (әрқайсысы 50%-дан) болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу