2016 жылы ОҚО 415 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді

968

2016 жылы ОҚО  415  млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 415,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Оның ішінде егін шаруашылығы 232,1 млрд теңгені құраса, мал шаруашылығы 182,7 млрд теңгеге жетіп отыр, деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 184,6 мың тонна ет, 663,6 мың тонна сүт, 278,1 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Ал облыс диқандары 260 мың гектарға дәнді дақыл, 80,8 мың га майлы дақыл, 40,4 мың га көкөніс ексе, 59 мың гектарға бақша, 15,3 мың га картоп, 109,6 мың га мақта және  30 мың га жерге жеміс-жидек пен жүзім екті. Нәтижесінде аграрлы аймақтың шаруалары осы жылы гектарына орташа түсімділігі 26 центнер болатын 676 мың тонна дәнді дақыл жинады. Сонымен қатар, 963 тонна көкөніс, 1413 тонна бақша, 277 мың тонна картоп, 281 мың тонна мақта, 125,8 мың тонна жеміс-жидек пен 64,2 мың тонна жүзім өнімін алды.

Сондай-ақ, тамшылатып суғару әдісі қосымша 6,9 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 51 мың гектарға, ал жылыжайлар қосымша 96 га салынып, жалпы 1121 гектарға жетті. Яғни еліміз бойынша жылыжайлардың 87%-ы Оңтүстік үлесінде. Осы жылыжайлардан 160 мың тонна көкөніс өнімдері жиналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу