2016 жылы ОҚО-да 72 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауға ие болды

762

2016 жылы ОҚО-да 72 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауға ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен 2016 жылдың қорытындысы бойынша "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 72176 адам (болжам - 57 200 мың адам) әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 126,2 %-ға орындалды. Оның ішінде, 29156 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар болса, 43020 адам жұмыссыздар ретінде қолдауға ие болған. Ал екі санатқа қатысты 5624 азамат аз қамтамасыз етілгендер есебінде көмекке қол жеткізген. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлінген 18,8 млрд теңге бағдарламаның үш бағыты бойынша игеріліп, жұмсалды.

Атап айтқанда, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлініп, бұл қаржыға 2016 жылы 562 жобаны қаржыландыру мүмкін болған. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағыты негізінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт сынды әлеуметтік салаларда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны жүзеге асыру барысында 3680 жұмыс орынын ашу жоспарланып, нәтижесінде, 3767 жаңа жұмыс орыны құрылды. Оның 2116-сы жұмыспен қамту орталықтары есебінен орындалған.  

Екінші бағыт – ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бағдары аясында 7,2 млрд  теңге қарастырылған болатын. Бұл қаржының 7237,5 млн теңгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына ұқсатылса, 10,3 млн теңгесі 514 адамды кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға жұмсалған.  

Үшінші бағыт (Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) бойынша 3,1 млрд теңге жұмсалған. Төрт бөліктен тұратын бағытты нақтырақ айтсақ, бағдарлама шеңберінде 49174 белсенді қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем беріліп, оның 36218-сі тұрақты, 12956-сы уақытша жұмысқа орналасқан. Ал кәсіби оқыту шараларына 500 адам қатысып, оның 498-і қайта даярлау курсындағы оқуды аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бөлігі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына 4972 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, 4 мың адам (жоспар 124,3 %) жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары негізінде 5135 азамат (жылдық жоспар – 4 200 адам) жастар практикасына жолданды. Аяқтаған 5135 адамның 3890-ы (75,8%) тұрақты жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың 1 қаңтарына 8175 адам уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2016 жылдың 3 тоқсанындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,1 %-ды (республикадағы орташа деңгейі 4,9%), жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,5 %-ды (республикада 3,9%), әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,3% %-ды (республикадағы орташа деңгейі 5,7%) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу