Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық әлеуеті жыл өткен сайын жақсарып, ана мен бала өлімі төмендеп келеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
Атап айтқанда, 2016 жылы аймақта 79195 бала туған. Оның ішінде 765 жұп егіз болса және 5 жұп үшем. Еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда туады, делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
"Былтыр қалада 36191 сәби дүниеге келді. Облыстағы аудандар арасында бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан қаласы алдыңғы орында тұр (8742 бала). Келесі орынды Мақтарал ауданы (7880 бала) иеленеді. Ал Сарыағаш ауданында 7425 бала дүниеге есігін ашты", деп көрсетілген хабарламада.
Облыстық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, аймақта ана мен бала өлімі де төмендеп келеді.