Қазақстанда картоп барлық жерде өсіріледі. Тек Маңғыстау облысында ғана бұл өнімнің бір гектары да отырғызылмаған. Бұдан бұрын Asian Fruits хабарлағандай, ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2016 жылы елдегі картоп отырғызылатын жерлер 2%-ға азайып, 186722,9 гектар болған немесе барлық көкөніс, бақша, егетін жердің 42,5%-ы. 481,1 гектардағы картоп өспей өліп қалып, ал қалған картоп 186241,8 гектардан жинап алынды, деп жазады kazakh-zerno.kz.
Картоп егу бойынша көшбасшы болып тұрған өңірлер – бұл Алматы облысы - 39,3 мың га, Солтүстік Қазақстан – 27,6 мың га, Шығыс Қазақстан – 21,1 мың га. Жалпы картоп жинау бойынша да осы облыстар алда тұр. Ал шығымдылығы бойынша айтар болсақ, ол мүлдем басқа. Шығымдылығы бойынша Павлодар облысы бір гектардан 255,7 центнер, Жамбыл облысы 229,3 центнер, Қарағанды облысы 219,3 центнер көрсетіп алда тұр.
Картоп егетін жер азайғанмен де, 2016 жылы жиналған картоп былтырғы жылға қарағанда көп болды. 2016 жылы барлығы 3545,7 мың тонна, ал 2015 жылы 3521 мың тонна картоп жиналған.