2016 жылы Павлодар облысында 112-ге 96 234 рет жалған қоңырау шалынған

989

2016 жылы Павлодар облысында 112-ге 96 234 рет жалған қоңырау шалынған

Бір жылдың ішінде Павлодар облысында шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін қауіп немесе басқадай төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабарламаларды қабылдайтын "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 186 мың 321 адам қоңырау шалған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 79 мыңға аз, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Павлодар қаласы ТЖД басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері, майор Қымбат Көпбаевтың мәліметінше, негізгі қызмет бойынша  12 287,  "101" желісі бойынша  549,  "102" желісі бойынша  7 137, "103" желісі бойынша  4 409, ақпараттық- анықтамалық сипатында  68 705 және  ұялы телефондарды тексеру және балалардың әзілі болған 96 234 қоңырау тіркелген.   Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы  "112" қызметі төтенше жағдайлармен байланысты адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төнгенде ғана  көмек көрсетілетінін ескертеді.  

Айта кетерлігі, "112" қызметіне қатысы жоқ қоңыраулар соғу жағдайлары жиеліп кеткен.  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы   кодексінің 438-бабына сәйкес, арнайы қызметтерді жалған шақыру үшін әкімшілік айыппұл  салынады. Мемлекеттік өртке қарсы қызметін, полиция органдарын, жедел жәрдем, апаттық қызметтерін жалған шақырғаны үшін  жеке тұлғаларға 9 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Осы баптың бірінші бөлімінде қарастырылған іс-әрекеттер  бір жылдың ішінде әкімшілік жаза салынғаннан кейін қайталанса немесе апат, өрт, зілзала апатты жою кезінде болса  жеке тұлғаларға 60 АЕК  көлемінде айыппұл қарастырылған.  

Баптың бірінші және екінші бөлімінде  сәйкес 14-15 жас аралығында кәмелетке толмаған  балалардың жасаған іс-әрекеттері үшін    ескерту жасалады немесе ата-аналарына және оларды алмастыратын тұлғаларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу