2016 жылы 147 мемлекеттік нысан жекешелендірілді, деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
"2016 жылы жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 147 нысан сатылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 40 нысанға көп. Оның ішінде 13 млрд теңгеге 83 коммуналдық меншік ұйымы, 3,6 млрд теңгеге 31 ӘКК ұйымы, 10,8 млрд теңгеге 22 ұлттық басқару холдингтерінің нысаны, 3,2 млрд теңгеге 11 республикалық меншік ұйымы мемлекет иелігінен шығарылды", – деп мәлім етті ол бейсенбі күні Астанада өткен қаржы министрлігі алқасының отырысында.
Оның айтуынша жекешелендіруге Алматы мен Астананың сатып алушылары ерекше қызығушылық білдірді. Коммуналдық меншік Қостанай, Шығыс-Қазақстан облыстарында және Алматыда көптеп сатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу