2017 аялдамада бейне-бақылау камерасы орнатылады

1009

Алматыда ұрлықтың 25%-ы аялдамаларда жасалады. 

2017 аялдамада бейне-бақылау камерасы орнатылады

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы қылмыстық ахуал туралы өткен онлайн брифингте мәлімдеді. 

"Қалада 2017 аялдама бар. Олардың барлығында бейне-бақылау камералары жоқ. 1771 бірлік қоғамдық көлік бар. Олардың көбінің салондары камералармен жабдықталмаған. Сондықтан Алматы қаласының әкімшілімен бірлесіп аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бақылау жүйелерін орнату жұмыстарын бастап кеттік", – деді Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар полиция департаменті шаһардағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын-алу және ашу мақсатында 120 мың бейнебақылау камерасының мүмкіндіктерін пайдаланбақ.

Атап айтсақ, ПД Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау жүйесі қолданылады. Оған 156 осындай бейнекамера кіреді. Құқық бұзушының кескіні Жедел басқару орталығының залында бірден  көрсетіледі. Бұдан бөлек, мегаполистің әртүрлі нысандарына 1 мың 791 камера, универсиада нысандарында 1 мың 173 бейнекамера, метрода 348 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар "БДД" ААЖ жобасы бойынша 105 пост пайдалануға берілді, оның ішінде 694 бейнекамера болса, білім беру нысандарында 3 мың 962, перзентханаларда 143 камера орнатылған. 

"Қауіпсіз аула" қағидаты бойынша көп пәтерлі үйлерде 45 мың 994 бейнекамера, жеке сектор көшелерінің қиылыстарында 8 мың 646, жеке тұрғын үйлердің аулаларында 30 мың 154 бейнекамералар орнатылды. Қалада әртүрлі меншік нысанындағы 6 мың 682 нысанда 35 мың 892 камера бар. Осы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 2 мың 492 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды", – деді Қанат Таймерденов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу