2017 жылдан бастап Қазақстан полицейлері көлік тоқтататын таяқтан бас тартады

817

2017 жылдан бастап Қазақстан полицейлері көлік тоқтататын таяқтан бас тартады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқшаларды қолданбайтын болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

 "Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеген болатын. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқшаны (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады", - деп атап өтті министрліктен.

Мәлім болғандай, ендігіде полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, "Тоқта!" деген белгі береді және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар сондай-ақ автопатрульмен тоқтатылатын болады.

"Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады", – деп түсіндірді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу