2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу жаңа ережемен жұмыс істейді

1244

2017 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу жаңа ережемен жұмыс істейді

2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу барлық кезеңі жоспарлаудан бастап, ақы төлеуге дейін электрондық форматта жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі сатып алудың айқындығын үлғайту мақсатында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы өзгерістерге байланысты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісім шартының орындалуы жөніндегі құжаттары –  актілер мен шот-фактуралар тек қана электрондық форматта толтырылатын болады.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы әрдайым жетілдіруді қажет етеді, - деп атап өтті ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов.

Осыған байланысты сатып алу жүйесін реттегенде біз үш негізгі қағидаттарына негізделеміз – айқындығы, қарапайымдығы және сатып алу нәтижесі.

Мемлекеттік сатып алу саласы үлкен ақшалай қаражатпен байланысты және бүкіл дүние жүзінде сыбайлас жемқорлыққа коп ұшырайтын сала екенің ескере отырып, ҚР қаржы министрлігінде бұл енгізілетін жаңалықтар жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің жұмысын айтарлықтай женілдетеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді орындағаны ұшін төлем уақытын қысқартады деп есептейді.

Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап  мемлекеттік сатып алу  барлық кезендері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқтай отырып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz. – веб-порталы арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу Қағидаларымен танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу