2017 жылдың басында Байқоңырдан үш рет ғарыш кемесі ұшыру жоспарланған

841

2017 жылдың басында Байқоңырдан үш рет ғарыш кемесі ұшыру жоспарланған

Роскосмос 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы ғарыш аппараттарын ұшыру кестесін жариялады, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Халықаралық ғарыш станасасының бағдарламасы бойынша 2017 жылғы бірінші тоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан екі ұшырылым жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

21 ақпанда ХҒС-қа  "Прогресс МС-05" көліктік жүк кемесі  ұшады. 27 наурызда кезекті экспедициямен "Союз МС-04" көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарлануда. Коммерциялық бағдарламалар  бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда 2 ұшырылым жоспарланған: біріншісі  Байқоңыр ғарыш айлағынан, екіншісі Гвиан ғарыш орталығының Куру ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру. Бірнеше рет кейінге қалдырылған EchoStar 21 ("ЭкоСтар-21") ғарыш аппаратымен "Протон-М" ЗТ ұшыратын күн жайында қосымша хабарланады,  деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу