2017 жылдың ортасына дейін үй бағасы 25-40% арзандайды

616

2017 жылдың ортасына дейін үй бағасы 25-40% арзандайды

Қазақстан жылжымайтын мүлік қауымдастығының мәліметіне жүгінсек, биыл сәуір айында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда элиталы және бизнес санаттағы жаңа үйлер 10-15%, ал комфорт және эконом санаттағы жаңа үйлер 15-20% арзандады, деп хабарлайды naryk.kz.

"Қайталама нарыққа келер болсақ, нақты саудада баға сәуірде 25-35 пайызға дейін төмендеді. 2, 3 және 4 бөлмелі үйлердің шаршы метрі республикада орта есеппен 155 мың теңге болды. Бағаның төмендеуі былтырғы теңгенің тұрақсыздығы", — деп жазады қауымдастық.

Сонымен қатар қауымдастық бағаның алдағы уақытта да түсетінін айтады. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда саудаланып жатқан үйлердің 60 пайызы жаңа үйлер.

Қауымдастықтың болжамына сүйенсек, жылдың ортасына қарай жаңа үйдің бағасы 25 пайыз, ал қайталама нарықтағы баға 40 пайызға арзандайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу