2017 жылдың тұрғын үй құрылысының қорытындысы шығарылды

865

2017 жылдың тұрғын үй құрылысының қорытындысы шығарылды

Ақмола облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланып, 2017 жылдың тұрғын үй құрылысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

2018-2022 жылдар аралығында "Рухани жаңғыру" жобалары үшін демеушілердің 5,8 млрд теңгесі жұмсалады, бұл туралы облыс әкімдігінің 2017 жылдың қорытындысына арналған кеңесінде белгілі болды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында реестр жасақталды, олардың құрамына облыстық және аудандық деңгейдегі 178 жоба мен шағын жобалар кірді. Бүгінде олардың ішінде 76 шағын жоба жүзеге асырылып, 15 шара өткізілді", - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова.

Оның мәліметтері бойынша, 2017-2022 жылдарға арналған жалпы қаржыландыру сомасы 10,2 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде 5,8 млрд теңге – демеушілердің қаражаты, 3,1 млрд теңге –  жергілікті бюджет қаражаты. Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен шамамен 190 млн  теңге және сырттан тартылған 3,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Аудандарда тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалу мақсатында "Қазақстанның киелі жерлері" жобасын жүзеге асыру аясында бірқатар шаралар кешені жүзеге асырылды.

Бұдан басқа, әкімдіктің мәліметі бойынша, "Атамекен" шағын жобасы аясында меценаттардың қатысуымен 56 әлеуметтік бастамалардың реестрі жасақталды. Олар әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіруге және құрылысын жүргізуге арналған, оның ішінде МЖӘ желісі бойынша 12 жоба бар.

"Жеке сектордың салымының арқасында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың 10 нысанына және автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп сендірді әкімнің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу