2017 жылдың II жарты жылдығында Батыс Қазақстан облысында 3,4 млрд теңге тұратын құс фабрикасы іске қосылады деп жоспарланып отыр деп хабарлады кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарамасы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Берілген ақпарға сүйенер болсақ, кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 мың тонна бройлер еті.
"Қаражат индустриализация бағдарламасы бойынша бөлінді. Құс фабрикасының құрылысы Зеленов ауданының Щапова ауылында былтыр басталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, жабдықтар жартылай әкелініп қойған", – деді мекеме өкілі.
Басқармадағылар бұл кәсіпорынның ашылуы өңірді өз өнімімен қамтамасыз етуге, импортты азайтуға мүмкіндік береді деді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу