2017 жылғы Әлем чемпионаты Ресейде өтпейтін болды

988

2017 жылғы Әлем чемпионаты Ресейде өтпейтін болды

Бобслей мен скелетоннан халықаралық федерация (IBSF) Сочиде өтуі тиіс болған 2017 жылғы Әлем чемпионатын Ресейден өзге мемлекетте ұйымдастыру шешімін шығарды.  Бұл туралы 13 желтоқсан күні ұйымның ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"2017 жылғы Әлем чемпионатын Сочиден басқа жерге ауыстыру туралы шешім шығарылды. Жаңа орын алдағы таяу уақытта жарияланатын болады. IBSF атқарушы комитеті осындай қиын уақытта мұндай іс-шараны Ресейде ұйымдастырмау ақылға қонымды болатынын сезінді", – делінген федерация мәліметінде.

Атап өтілгендей, мұндай шешімнің қабылдануына екі себеп түрткі болған: әлем елдерінің спортшылары мен бапкерлері астарында негізі бар ма, жоқ па – белгісіз айыптаулар мен сөз тартыстарға емес, тек спортқа бағдарланған турнирге қатысуы тиіс; Ресейдің бобслей федерациясы әлем чемпионатына дайындыққа үлкен күш-жігер жұмсады, бірақ қазіргі жағдайларда турнирдің ұйымдастыру комитетінің күш-жігерін немесе Сочи трассасының сапасын бағалау мүлдем дерлік мүмкін болмас еді. IBSF 13 желтоқсан күні Латвия мен Оңтүстік Кореяның скелетоннан құрамалары жарыстардың Сочиде өтуіне қарсылық білдіргендеріне қарамастан, 2017 жылғы Әлем чемпионаты Ресейден ауыстырылмайтынын мәлім еткен болатын. Бобслей мен скелетоннан Әлем чемпионаты 13-26 ақпан аралығында Сочиде өтуі тиіс еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу