2 желтоқсан Mega Alma-Ata ойын-сауық кешенінде 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды, деп хабарлайдй 24 Хабар.
Ашылу салтанатына Универсиаданың жұлдызды елшілері, қазақстандық спортшылар, өнер майталмандары, танымал блогерлер мен тележүргізушілер қатысты. Шара барысында жиналған қауым арасында сыйлықтар мен Универсиада билеттері ойнатылды. 2017 жылғы Универсиаданың тикет-офисінің ерекшелігі, мұнда әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға билеттер сату жүзеге асырылады. Яғни, ардагерлер, мүгедектер және студенттер жеңілдетілген бағалармен билеттер ала алады. Бұл жерде билеттерді ауыстыруға, қайта өткізуге, шот-фактура алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады. 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу дирекциясы директорының айтуынша, осындай әмбебап тикет-офистің болуы аса маңызды.