2017 жылғы ең арзан туристік бағыт белгілі болды

914

2017 жылғы ең арзан туристік бағыт белгілі болды

2017 жылы Португалияның оңтүстігіндегі Алгарви аймағы ең арзан туристік бағыт деп танылды. Мұндай қорытындыны британиялық Post Office компаниясының сарапшылары шығарған. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап reactor.inform.kz жазып отыр.

Мамандар бірнеше елдегі тауарлар мен қызметтердің құнын есептеп, зерттеу жүргізген. Тіпті су, кофе, кока-кола, күннен қорғайтын крем, жәндіктерге қарсы заттардың бағасына дейін есепке алған. Алгарвиде осы қызметтердің жиынтық құны 37,95 еуроны құраған.
 
Екінші орында Болгария жағалауы тұр. Мұндағы түскі ас, сусындар мен өзге де қажетті тауарлар бағасы 38,14 еуроға түспек.
 
Ал үштікті оңтүстік Испаниядағы Коста-дель-Соль аймағы қорытындылайды. Мұндағы баға көрсеткіші 44,12 еуро.
 
Рейтингтегі төртінші орынға Жер Орта теңізінің жағалауындағы түрік курорты Мармарис тұрақтаған. Қызмет құны 56,56 еуро.
 
Бесінші орында Прага (58,91 еуро). 

12 елдің арасында Кипрдің оңтүстік-батысындағы Пафос қаласы, Будапешт, Токио, Мальтадағы Слима елдімекені, Грециядағы Корфу аралы, ОАР-дағы Кейптаун мен Мексикадағы Канкун бар.
 
Өткен жылдың желтоқсанында биылғы ең қымбат аймақтар ретінде Вьетнам танылған.  Forbes журналының нұсқасы бойынша қымбат үштікте қырғыз астанасы Бішкек пен Португалияның Лиссабоны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу