Дер кезінде көмек көрсетілмесе, Нигерияда, Оңтүстік Суданда және Йеменде 1,4 млн бала аштықтан өлуі мүмкін. Мұндай мәліметті БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) келтіріп отыр, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Осы мақсатта ұйым 225 млн доллар сұратып отыр.
"Таяудағы айларға қажет етіліп отырған қаржы – 2017 жылы қажет болатын жалпы соманың жартысы ғана. Жалпы 712 млн доллар қажет – өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары", – дейді БҰҰ басшысы баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак.
Ұйымның мәлімдемесінде аштық, құрғақшылық және қақтығыс жайлаған елдерде миллиондаған баланың тойып ас ішпейтіні, ауыратыны, баспанасының жоқтығы, мектепке бармайтыны айтылады.
ЮНИСЕФ өткен жылдардан сабақ алуға шақырады. Мәселен 2011 жылы Сомалиде аштық ресми түрде жарияланғанда көптеген бала қаза тапқан. Балалар қоры өкілдерінің айтуынша, халықаралық қауымдастық осы жағдайдың алдын алу керек.