2017 жылы 1,5 мыңнан аса адам қажетті мамандықтарға оқытылады

1095

2017 жылы 1,5 мыңнан аса адам қажетті мамандықтарға оқытылады

2017 жылы жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру көзделген, ол қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен, және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз етуді қарастырады.

Аталған бағдарлама қолданыстағы "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасын алмастырады, деп мәлім етті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа бағыттың шеңберінде 1550 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, және 2780 адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен, жастар тәжірибесімен және қоғамдық жұмыстармен қамту жоспарланған.

Жалпы, 2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 14 010 адам жүгінген, соның ішінде 10 496 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған, бұл жұмысқа орналасуда көмек сұрап келген азаматтардың жалпы санының 75% құрайды.

Әлеуметтік қолдау барысында 7 628 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 661 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, 121-і әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Сонымен бірге, ізденушілерге қоғамдық жұмыстар ұсынылды, кәсіби даярлық курстарынан, қайта даярлық және біліктілікті арттыру курстарынан өту мүмкіндіктері берілді. Барлығы елордада 19 мың жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде шағын бизнес саласында 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу