2017 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2017 жылғы 11 айда 38 530 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 48 915 болған еді", - деп мәлім етті ішкі істер министрлігінен.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, 2017 жылғы 11 айда 1 060 744 көлік құралы тіркелді (қайта тіркелді). Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 923 автомектеп жұмыс жүргізіп келеді, соның 43-і Астана қаласында орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу