ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы) 2017 жылы астық өндірісіне алғашқы болжамын жасады. Ұйымның таратқан баспасөз баянына сүйенсек, ол 744,5 млн тоннаны құрайды, бұл 2016 жылғы рекордтық көрсеткіштен 1,8 пайызға төмен болса да, соңғы бес жылдағы орташа жылдық көрсеткіштен жоғары, деп хабарлайды "Интерфакс".
"Мұндай төмен көрсеткішке, ең алдымен Солтүстік Америкада егіс алқаптарының қысқаруы және Аустралияда өткен маусымда өндірістің тыс жоғары көлемінен кейін қалыпты көлемге қайтып келуі себеп болуы мүмкін", – деп түсіндіреді сарапшылар.
ФАО-ның бағамдауы бойынша, 2016 жылы жиналған астық алдыңғы жылғы 2,533 млрд тоннаның орнына 2,6 млрд тоннаны құрамақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу