2017 жылы әлемде мырыш тапшылығы 545 мың тоннаға дейін артуы мүмкін, деп болжайды Citigroup сарапшылары. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
Былтыр аталған металдың жаһандық өндірісі тұтыну көлемінен 287 мың тоннаға аз болды.
Мырыш концентратының жетіспеушілігінен Қытайдың бірқатар мырыш өңдейтін ірі компаниялары үстіміздегі тоқсанда өндірісті уақытша тоқтататындығын мәлім етті, делінеді банктің шолуында. Сарапшылардың пікірінше, нарықтың басқа индикаторлары да инвесторлардың жақсы ойын қолдап отыр.
Бағаның өсу үрдісі 2017 жылдың соңына дейін жалғасады, сонымен қатар котировкалар екінші тоқсанда тоннасына 3000 доллардан асатын болады. Шілде-қыркүйекте мырыш орташа алғанда тоннасына 3200 тұратын болады, деп пайымдайды Citi.
LME-де мырыш мәмілелерінің котировкалары бейсенбіде 0,5 пайызға – тоннасына 284,5 долларға төмендеген. Үстіміздегі жылдың басынан бері метал 10 пайыздан артық қымбаттады, деп хабарлады Bloomberg.