2017 жылы әлемнің озық елдері 7,7 трлн доллардай қарызды өтеуге тиіс

989

2017 жылы әлемнің озық елдері 7,7 трлн доллардай қарызды өтеуге тиіс

Әлемнің озық елдерінің үкіметтері 2017 жылы шамамен 7,7 трлн доллардай қарызды қайтарудың жолдарын қарастыруға тиіс, деп жазады "Интерфакс-АФИ".

Бірқатар мемлекет үшін табалдырықтан аттаған жылда қарыз құны еселенеді, өйткені облигациялар нарығында отыз жыл көлемінде бой көрсеткен өсім трендінің одан әрі шарықтау мүмкіндігі таусылды, деп атап өтеді сарапшылар.

G7 және БРИК (Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай) елдері өтейтін вексель, нота мен облигацияның көлемі (шамамен 7 трлн долларды құрайды) биыл 2016 жылғы деңгейден 8%-ға жоғары болмақшы. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің мәліметтері растайды.

Атап айтқанда, Қытай биыл 588 млрд доллар қарызды қайтаруға міндетті – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 132%-ға көп.

Pioneer Investment Management Ltd және Old Mutual Global Investors Ltd секілді басқарушы компаниялар облигация нарығында құлдырау тренді орын алады деп болжайды, я болмаса  нарықтың болашағы бұлыңғыр деп айтуда. Олардың пікірінше, инфляцияны ынталандыру шаралары, сондай-ақ бюджеттік ынталандыру экономикадағы өсімнің қозғаушы күші ретіндегі кредиттік-ақша саясатының біртіндеп орнын басып, әрі қарай мемлекеттік құнды қағаздардың кірісін арттыруға ықпал етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу