2017 жылы Алматы қаласының бюджеттік алымы біршама азайды

1152

2017 жылы Алматы қаласының бюджеттік алымы біршама азайды

Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3%-ды құрайды. Бөлшек сауда 6,8%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, тұрғын үй салу 15,6%-ға артқан. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді, деп хабарлайды almaty.gov.kz.

Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 млрд теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 12,2% болды. Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84% болуы арқасында қамтамасыз етілді. Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллардтан 160 млрд теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд. теңгеге ұлғайды.

Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд теңгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу