2017 жылы Астана-Щучинск ақылы көлік жолы 1 млрд 514 млн теңге түсірген

821

2017 жылы Астана-Щучинск ақылы көлік жолы 1 млрд 514 млн теңге түсірген

2017 жылдың қорытындысы бойынша Астана-Щучинск ақылы көлік жолы 1 млрд 514 млн теңге табыс әкелген, түскен барлық қаражат учаскені ұстау мен төлем алу жүйесін жаңғыртуға жұмсалған.   
2017 жылғы көлік қозғылысының жалпы қарқыны 2 млн 757 мың 857 көлікті  құраған. 2016 жылмен салыстырғанда көліктер ағынының қарқыны 2,2%-ға артқан. 
Ақылы көлік жолы дирекциясының негізгі шығындар бабы: 
- материалдарды сатып алу;
-  жалақы;
- қосалқы бөлшек;
- ЖЖМ;
- амортизация;
- жұмыстар мен қызмет;
- машина мен жабдықтарды жөндеу;
- басқа да шығандар.
Өткен жылы төлем алу жүйесінің жаңа сервері мен мәліметтерді сақтау жүйесі, жұмыс істеу станциялары мен  көп функциялы жабдық орнатылған.  
Жылдам төлеуді ұйымдастыру және қолма-қол ақшасыз төлем жасауды көпшілікке түсіндіру үшін қазіргі уақытта "QIWI", "Касса24", "Каспий банк" сияқты төлем жүйелерінің терминалдары жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу