2017 жылы ең жоғарғы өсім өнеркәсіп саласында тіркелді

796

2017 жылы ең жоғарғы өсім өнеркәсіп саласында тіркелді

2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ресейге өнім экспорттау 33%-ға, Еуропалық одаққа – 31%-ға, Қытайға 34,9%-ға өскен, деп хабарлайды abctv.kz.
Өндіруші салалардың ілгерілеуіне қарамастан, жалпы ішкі өнімнің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған. Осылайша, ЖІӨ-нің 4%-дық өсімінде шикізаттық емес сектордың үлесі 60%-ды құрады. Тұтастай алғанда, нақты секторда экономиканың барлық саласында өндірістің синхрондық өсімі белгіленген.

Ең жоғарғы өсім өнеркәсіп саласында тіркелді (7,1%). Сонымен қатар көлік (4,8%), байланыс (3,3%) және сауда (3,2%) салаларында да байқалды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі есебінен тау-кен өнеркәсібінде жақсы көрсеткіштер белгіленді. Өңдеу өнеркәсібі 5,1%-дық өсім деңгейін көрсетті. Бұл негізінен Индустрияландыру картасындағы жобаларды іске асыру арқылы мүмкін болды. 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы 850 млрд теңгеге 62 жоба іске асырылып, 5,5 мың жұмыс орны ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу