Өткен жылы азық-түлік тауарының бағасы - 6,5%, азық-түлік емес тауар бағасы – 8,9%, ақылы қызметтер үшін баға – 5,9%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Өткен жыл басынан бері (2017ж желтоқсан 2016 ж желтоқсанға) картоп бағасы - 28,7%-ға, тәтті бұрыш – 28,6%, пияз – 28,2%, сәбіз – 19,3%, сиыр еті – 15,3%, қой еті – 14,1%, консервіленген сүт – 11,6%, сары май – 11,3%, кондитерлік өнімдер – 10,7%, мәйекті ірімшік – 10,3%, жылқы еті – 9,8%, жаңа ауланған балық бағасы 9,4%-ға өскен. Ал қарақұмық жармасының бағасы - 28%-ға, сарымсақ бағасы– 25,6%-ға, қант бағасы– 19,5%-ға, қызанақ, жұмыртқа бағасы – 16%-ға, қияр бағасы– 12,5%-ға, күнбағыс майы бағасы – 9,9%-ға, қырыққабат бағасы – 5,2%-ға төмендеген.
Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 10%, автомобильдерге – 9,2%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 8,9%-ға, кітаптарға, киім және аяқ киімге – 8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 7%, фармацевтикалық өнімдерге – 6,6%, газеттер мен журналдарға – 6,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,3%, жеке қолданатын тауарларға – 6,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 5,8%, тұрмыстық аспаптарға – 5,5%-ды құрады. Дизель отыны 31,8%, бензин – 17,6%, тас көмір – 17,4%, баллондағы сұйытылған газ – 8,6%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне - 7,9%, құқықтық – 7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6,9%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, қонақ үйлер - 6%, қоғамдық тамақтандыру – 5,8%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6%, қалааралық – 7,1%, жолаушылардың әуе көлігімен – 4,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,2%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 11,4%, ыстық суға – 10,9%, орталықтан жылытуға – 9,9%, кәрізге – 9,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 7%, суық суға – 5,1%, электр энергиясына – 5%-ға жоғарылады.