2017 жылы KASE индексі 804,8 көрсеткішке немесе 59,3%-ға өскен. Блумберг мәліметінше, KASE индексі өсу жылдамдығы бойынша әлемде үшінші орынға ие болған, деп хабарлайды KASE баспасөз-қызметі.
Жекелеген корпоративтік тарих, шикізат нарығындағы қолайлы баға жағдаяты, сондай-ақ валюта және ақша нарығындағы тұрақтылық өсу драйвері болды. KASE индексінің максимум мәні 2017 жылдың соңғы күнінде белгіленіп, 2162,7 көрсеткіш болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу