Қазіргі таңда "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі Еуразиялық инвестициялық банктен 15 жылға 200 млн еуро қаржыны тарту бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда. Бұл туралы Қазақстанның Бельгия Королдігі мен Люксембург Герцогіндегі төтенше және өкілетті елші Алмаз Хамзаетың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Қазір Қазақстан үшін ең маңызды салалардың бірі – ауыл шаруашылығында келіссөздер жүргізілуде. ҚазАгро Еуропалық инвестициялық банкпен келіссөздер жүргізуде. Меніңше, жыл соңына дейін ҚазАгро еншілес компанияларының бірінен тағы бір несиелік желі ашылады. Несиелік желі ауыл шаруашылығы желісіне бағытталатын болады", - деді Хамзаев.
Елшінің айтуынша, аталмыш жұмыстың бағыты Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Аталмыш келісімге қол қоюды осы жылы жүзеге асыру қарастырылған. Қарыз "ҚазАгро" еншілес компаниялар жобаларына бағытталатын болады. Олар ауа райы, жинау техникаларын алу, мал өсіру, жеміс ағаштарын өсіру, ауыл шаруашылығында ақпараттық технологияны қолдану салаларында жүзеге асырылады.
Айта кетерлігі, Еуропалық инвестициялық банк қолайлы жағдайдағы инвестиция көзі болып отыр. Қазақстандық тараптан белсенді жұмыс істеу қажет.