2017 жылы Қазақстанда ШЫҰ жастар форумы өтеді

1128

2017 жылы Қазақстанда ШЫҰ жастар форумы өтеді

2017 жылы Қазақстанда ШЫҰ жастар форумы өтеді. Бұл туралы бүгін ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының мерейтойлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, ШЫҰ үлгісі бірегей, ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша едуір жетістіктер байқалуда. "Маңызды блок - мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық. Қазақстан 2017 жылы ШЫҰ жастар форумын өткізу арқылы өз үлесін қоспақ. Атап айтқанда, біз ШЫҰ университетінің құрылуы мен жұмыс істеуі туралы елдер үкіметтері арасында келісімге қол қою перспективасына ықпалымыз зор болмақ.  ШЫҰ 2017-2020 жылдарға арналған ғылыми-техникалық әріптестік тұжырымдамасына көп үміт артамыз", – деді қазақстандық Премьер.

Еске сала кетейік, қазіргі сәтте Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады. 2017 жылғы 8-9 маусымда ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу