Көкшетауда 1,4 млрд теңгеге 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ермек Маржықбаев жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытыныдысы жөніндегі халық алдында есеп беру кездесуінде мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы Көкшетауда тұрғын үй құрылысы саласында көрсеткіш оң болды.
"Облыс орталығында 127,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен 45 жетім бала ие болды. Бүгінгі таңда ҰОС ардагерлері баспанамен толық қамтылған", – дейді қала әкімі.
Сондай-ақ қазіргі таңда 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл 1,4 млрд теңгенің 171 пәтері. Сондай-ақ 2017 жылдың бюджетінде 35 пәтерлі 9 қабатты үйдің құрылысына 295 млн теңге қарастырылған.