2017 жылдың қорытындысы бойынша Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша паромдық жүктерді өткізу көлемі артып, 21 мың 62 теміржол вагонын құрады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
"Баку халықаралық теңіз сауда порты" ЖАҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы айтарлықтай өсім теміржол вагондары тасымалында, дөңгелекті техника мен үлкен жүк техникалық құралдарында байқалған.
"Осылайша, Бакудің Гарадаг ауданының Алят кентінде орналасқан Баку портының паромдық терминалында жүк өткізу көлемі 26,4%-ды құрап, 46 679 данаға жетті. Жалпы көлемнен 6 мың 124 вагон (13,1%) Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша және 21 мың 62 вагон (45,1%) Баку-Құрық-Баку бағыты бойынша (Құрық порты 2017 жылдың наурызында ашылды) жөнелтілген", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Түркіменстан мен Қазақстанға жолаушылар тасымалы 41,4% артып, 33 129 адамды құраған.
"Баку портының қызметтерін пайдаланған көлік құралдарының саны былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 21,4% жетіп, 28 мың 584 дананы құрады. Осы ауқымнан 9 716 немесе көлік құралдарының 34% Баку-Ақтау-Баку бағытымен және 28 данасы (0,1%), Баку-Құрық-Баку бағытымен жөнелтілген", – деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.