2017 жылы шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі белгілі болды

969

2017 жылы шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі белгілі болды

2017 жылы қаңтар-қазан аралығында шетелден Қазақстанға 249,9 млрд теңге аударылған деп хабарлайды 7kun.kz.

Ranking.kz-нің мәліметінше 2017 жылы аударылған ақша көлемі өткен жылмен салыстырғанда 43,0 млрд теңгеге, яғни, 20,8 пайызға көп. 2016 жылы Қазақстанға шетелден 206 млрд теңге көлемінде қаржы жөнелткен еді.

Ресейден 144,9 млрд теңге ақша аударылса, Корея Республикасынан 18,8 млрд теңге, Қырғызстаннан 15,9 млрд теңге Қазақстанға жіберілген.

Ақша аудару жүйелерінің ішінде Золотая Корона бірінші орында тұр. Бұл жүйе арқылы 2017 жылы Қазақстанға 130,8 млрд теңге аударылған. Одан кейін Western Union (48,6 млрд теңге) және Юнистрим (19,6 млрд теңге) жайғасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу