2017 жылы Теміртауда жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға 2,5 миллиард теңге жұмсалады

906

2017 жылы Теміртауда жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға 2,5 миллиард теңге жұмсалады

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 2017 жылы жол жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетте халықпен есеп беру кездесуі барысында қала әкімі Ғалым Әшімов мәлімдеді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Теміртау мен Ақтау кентінде автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 2016 жылы 410,9 млн теңге бағытталды. Автомобиль жолдарының жағдайына қатысты шағымдар көп болғандықтан 2017 жылы осы мақсатта 2,5 млрд теңге, немесе 6 есеге көп қаржы қарастырылып отыр", – деді Ғалым Әшімов.

Облыстық бюджеттен Темиртауға автожолдар мен тротуарларды жөндеуге  1 млрд теңгеден астам сомада мақсатты трансферт бөлінді.

"Республика даңғылы Каршоссе көшесінен Металлургтер даңғылына дейінгі бөлігіне қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон жабыны төселеді. Бұл материал аса берік, жүктемесі жоғары магистральдарға жарайды, деп атап өтті қала басшысы. – Республика даңғылында Металлургтер даңғылынан С. Разин көшесіне дейін; Чернышевский көшесінен – Димитров көшесі С. Разин көшесіне дейін; С. Разин к-сіндегі автожолдар мен тротуарлар жөнделеді; батыс өнеркәсіптік аймақтағы автожолдарға асфальт бетон жабыны төселеді".

Қалалық бюджеттен Металлургтер даңғылын Республика даңғылынан Алматы-Екатеринбург тасжолына шығатын жолға дейінгі бөлігінде; Бәйсейітова көшесі мен орамішілік жолдарды; Амангелді көшесіндегі тротуарлар мен автожол учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 952,4 млн теңге бөлінді.

Бұған қоса, 495 млн теңге қаланың орамішілік жолдарын жөндеуге бөлінді.

"Барлығы Теміртауда 37 шақырым жол жөнделеді", – деп қорытты Ғалым Әшімов.

Ақтау кентінде жолдарды орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 28,4 млн теңге жұмсалмақ.

Жөндеудің сапасын қалалық қоғамдық кеңес мүшелері бақылайды. Бұл тәжірибе Теміртауда 2016 жылы қолданысқа енгізіліп, өзінің тиімділігін көрсетті. 

Теміртаулықтар есеп беру кездесуінде қойған сұрақтарында жол жүру мүмкін болмай отырған жолдарды да атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу