2017 жылы зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 1,6 триллион теңге жұмсалған

1040

2017 жылы зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 1,6 триллион теңге жұмсалған

2017 жылы 2 млн алушының зейнетақы мөлшері 20%-ға дейін артқан. Зейнетақы төлеуге қарастырылған жалпы қаражат көлемі 1,6 трлн теңге болған, деп хабарлайды zakon.kz. 
2018 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға артты. Нәтижесінде орташа зейнетақы шамамен 72 мың теңгені құрады.  
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі есебімен базалық зейнетақыны белгілеу әдістемесін өзгерту жоспарланып отыр. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының орташа алғанда 1,8 есе өсуін қамтамасыз етеді. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы есебімен зейнетақының орташа мөлшері шамамен 82 мың теңге болады. 
Осы жылы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуге 1,9 трлн теңгеден астам  қаражат қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу