2018-2020 жылдарға арналған бюджетке енгізілген өзгертулерді депутаттар бірауыздан қолдады

680

Түркістан облысы мен мемлекеттік маңызды Шымкент қаласын нығайтуға 30 млрд теңге бөлінді.

2018-2020 жылдарға арналған бюджетке енгізілген өзгертулерді депутаттар бірауыздан қолдады

Палатаның жалпы отырысында "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы 2018-ші жылғы республикалық бюджетке түзетулер бойынша өте маңызды заң жобасы мақұлданғанын алға тартты.   

Мәселен, тек осы жылға "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау үшін 5,6 млрд, агроөнеркәсіпті дамытуға 19 млрд және халықты қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.   

Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру және Жолдауда айтылған мақсаттар үшін тек ағымдағы жыл бойынша 84 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Сондай-ақ, жаңа Түркістан облысы мен мемлекеттік маңызды Шымкент қаласын нығайтуға 30 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу