2018 Summer Youth Olympics: Қазақстандық үш боксшы финалға шықты

775

Ал 75 келіге дейін жұдырықтасатын Надежда Рябец қола жүлде үшін күш сынайтын болады.

2018 Summer Youth Olympics: Қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Буэнос-Айресте өтіп жатқан жастар арасындағы 2018 жылғы Олимпиаданың финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейін салмақта өткен жартылай финалда Оралбай төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен пуэрто-риколық боксшы Алвин Каналесті жеңді.

Айта кетейік, 18 жастағы Оралбай биыл жастар арасында Азия чемпионы атанған, әл Әлем чемпионатының финалына дейін жеткен. Мұның алдында, жастар арасындағы Олимпиаданың финалына қазақстандық аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Дамир Тойбай және қарсыласын нокаутқа түсірген Талғат Шәйкен де шықты. Ал 75 келіге дейін жұдырықтасатын Надежда Рябец қола жүлде үшін күш сынайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу