2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады

1028

2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен республиканың барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс жасайтынына немесе жасамайтындығына қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады. Бұл туралы вице-премьердің хатшылығы мәлім етті. 

"Жүйені енгізу кезеңдеріне келетін болсақ, ҚР Президенті қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келесі кезеңдер қарастырылады:

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарының Қорға төлеу мерзімі басталады;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды", - делінген хабарламада.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады. Осылайша, ҚР азаматтары мен оралмандарды МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2018 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асырылады.

Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу