2018 жылдың 1 қаңтарында банк секторының активтері 24,2 трлн теңгені құраған

877

2018 жылдың 1 қаңтарында банк секторының активтері 24,2 трлн теңгені құраған

Осы жылдың 1 қаңтарында банк секторының жиынтық активтері 24,2 трлн теңге болды. Өтелмей тұрған қарыздар үлесі банктердің қарыз қоржынының 9,3% -ын құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев бүгін Алматыда өткен баспасөз-конфернциясында мәлім етті. 

Данияр Ақышев банк секторының өз капиталы 2017 жылы 8,8%-ға, яғни 3,1 трлн теңгеге дейін өскенін атап кетті.  

"2017 жылы Ұлттық банктің қаржы секторын "қайта жүктеуі" аясында банк секторының орынқтылығын арттыру бағдараламасы жүзеге асты", – деді банкир. 

Сонымен қатар ол "бағдарлама аясында Қазкоммерцбанк БТА Банк қарызынан тазартылып, қосымша қордың қажетті деңгейі жасалып, бағдарламаға қатысушы бес банкке 650 млрд теңге көлемінде қаржы ұсынылғанын" еске салып кетті.  

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы аясындағы тапсырмасы бойынша Ұлттық банк қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып банк секторының жұмысын қарастыруға кіріскен. Осы жұмыс барысында тәуекелге-бағдарланған бақылау енгізілетін болады. Реттеуші қорын қайтару және банк жұмыстарын қаржылық есептің  жаңа халықаралық IFRS-9 стандартына бейімдеу– 2018 жыл жұмысының негізгі бағыты болады. Бұл экономиканың нақты секторын қордандыру бойынша міндеттерлі іске асыруға мүмкіндік береді", – деді қаржы реттесушісінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу