Қазақстан үкіметінің қаулысымен еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері көшірілді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сенбі күніне сәйкес келетін 3 наурыз күні 9 наурыз жұмаға, 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге, 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге, 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға, 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.
ҚР еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу