2018 жылы дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі

656

2018 жылы дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітіледі

Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекітуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмектің бағасын реттейтін заң жобасының тұжырымдамасы әзірленген. Мұны үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

"Ертең біз тұжырымдаманы талқылауды бастаймыз. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесте, кейін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының базасында, БАҚ-та талқылаймыз. Бұл заң жобасы қоғамда талқылаудың барлық кезеңінен өтуі тиіс. Заң жобасын биыл күзде парламентке жіберу жоспарда бар", – дейді Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау министрлігінде заң жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдап, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекіту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу