2018 жылы елорда мектептерінде дефибриллятор пайда болады

1027

2018 жылы елорда мектептерінде дефибриллятор пайда болады

Келесі жылы Астана мектептеріндегі медициналық пунктерде 167 дефибриллятор орнатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, 2018 жылы елордалық білім мекемелеріне 167 құрал алынады. Астана республика бойынша бірінші болып мектептерге дефибриллятор орнатуды қолға алып отыр.

"Ақ жүрек" қоғамдық қорының директоры  Руслан Масхұтов аталған құрал еліміздің барлық білім беру мекемелері мен қоғамдық орындарда қолжетімді болуы керек деген пікірде. "Автоматтық дефибриллятор мектептегі медициналық пунктерде немесе дене шынықтыру сабағы өтетін жерлерге орнатылуы керек", - дейді "Ақ жүрек" қорының директоры.

Мамандардың айтуынша аталған құралдың екі түрі бар. Бірі медициналық ұйымдарда қолданылатын кәсіби құрал, ал екіншісі - кез келген адам пайдалана алатын автоматтық дефибриллятор. 

Елорда мектептеріне орнатылатын дефибриллятор автоматтық болып табылады. Оны арнайы медициналық білімі жоқ адамдар қолданып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. ​​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу