2018 жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі ендіріледі

1503

2018 жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі ендіріледі

2018 жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі пилоттық жоба ретінде төрт облыста ендіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасымен толық сәйкестендірілген.  

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017–2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Жыл соңына дейін бірыңғай интеграциялық платформаны пилоттық енгізу көзделген, оның аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жеке ұяшығы — денсаулығының электронды паспорты болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры, қоғамдық денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласы сынды жекелеген қызметтердің жұмысы автоматтандырылады.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде "Watson for oncology" — денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні пилоттық енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда аталған меморандум аясында пилоттық жобаны өткізу бойынша жол картасы әзірленуде", — деді министр.

Сонымен қатар бүгінде ЮНИСЕФ-пен бірлесіп "Патронаж мейірбикесі және ерте жастағы балаларды күту" мобильді қосымшасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Мобильді қосымшаны іске қосу 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

2018 жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі пилоттық жоба ретінде Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымда іске қосылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары медициналық құжаттаманы қағазсыз форматта жүргізуге толықтай көшеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу